15 қараша Қаржы мерекесіне орай арналған шара
28.11.2025 11:40:37 106
15 қарашада қаржы, экономика саласының қызметкерлері өздерінің кәсіби мерекесі Ұлттық валюта - теңге күнін атап өтеді.
Аталған саланың Қазақстан экономикасының дамуындағы рөлі айрықша екені анық. Мыңдаған экономика, қаржы мамандары ел игілігі үшін тынымсыз еңбек етіп келеді. Солардың ішіндегі үздіктерін марапаттау, қолдау көрсету дәстүрге айналған.
Биыл да кәсіби мерекеге орай, Атырау өңірінің әлеуметтік - экономикалық дамуына елеулі үлес қосып жүрген бірқатар адамдар марапаттарға ие болды. Олардың ішінде басқарманың ардагерлеріде және де Атырау облысы Экономика және қаржы басқармасының келесідей қызметкерлері бар.
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің " Экономика саласын дамытуға қосқан үлесі үшін" медалімен: басқарманың бөлім басшылары Курмангалиев Руслан Нурлыгайнович, Длмуханова Аякоз Кабекеновна.
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігінің Алғыс хатымен: басқарманың бөлім басшысы Сарсекенов Ерқанат Махамбетұлы және басқарманың бас мамандары Кенжалиева Диляра Жоламановна, Жаумбаева Амина Сериковна, Кенешева Алима Елеусизовна, Абиева Нургуль Райповна, Джумагазиева Самал Мубараковна.
Қазақстан Республикасы Экономика министрлігінің Алғыс хатымен: басқарманың бөлім басшылары Бағытов Мақсот Орынбайұлы, Шмалиев Ермек Серікұлы.
Атырау облыстық мәслихатының 30 жылдық мерекелік медальмен: басқарма басшысының орынбасарлары Курманова Эльмира Кабыловна мен Тлеугалиева Самал Кайратовна.
Атырау облысы әкімінің Алғыс хатымен: басқарманың бас мамандары Каресова Акмарал Абатовна мен Аймагамбетова Назкен Нуржановна
марапатталды.
Әріптестер, марапаттарыңызбен шын жүректен құттықтаймыз! Еңбектеріңіз табысты жалғаса берсін.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/atyrau-economy/press/news/details/1114737?lang=kk