Нью-Делиде мәдениет саласындағы ынтымақтастық талқыланды

Нью-Делиде мәдениет саласындағы ынтымақтастық талқыланды

28.11.2025 12:00:56 169

Нью-Дели, 2025 жылғы 27 қараша – Қазақстан Республикасының Үндістандағы Елшісі Азамат Есқараев Үндістан мәдени байланыстар кеңесінің бас директоры Нандини Сингламен кездесті.

Кездесу барысында тараптар мәдениет саласындағы ынтымақтастықты дамыту келешегін, сондай-ақ осы саладағы бірлескен бастамаларды іске асыру мәселелерін талқылады.

Елші А.Есқараев Қазақстан Үндістанмен мәдени қарым-қатынасын жоғары бағалайтынын, сондай-ақ қазақ халқының Ұлы ақыны Абайдың таңдамалы шығармаларының бірін үнді тіліне аударуда қолдау білдіргені үшін алғысын білдіріп, үнді халқының қаламгер, ақыны Рабиндранат Тагордың шығармасы қазақ тіліне аударылғаны туралы айтты. Сондай-ақ Елші бұл еңбектер екі ел арасындағы мәдени түсіністікті нығайтып, зияткерлік мұраның ортақ құндылықтарын қолдайтынын атап өтті.

Сонымен бірге Қазақ дипломаты Алматы қаласындағы үнді классикалық биі мен йога орталығы туралы айтып, орталықтың  Үндістандағы өнер сүйер қауымына қазақ биін үйрену бойынша мастер-класс өткізу мүмкіндігімен бөлісті. Бұл арқылы Үндістанға қазақ би өнерінің көркемдігі мен сұлулығын сезінуге мүмкіндік бере алатыны аталды.

Осыған қоса Елші қазақстандық жоғары оқу орындарының базасында қызығушылық танытқан студеттерге хинди тілін оқыту мүмкіндігін қарастыруды ұсынды.

Өз кезегінде Бас директор Нандини Сингла келер жылы Үндістанда болатын ән және би фестивальдары туралы айтып, оларға қазақстандық ән және би ансамбльдердің қатысу мүмкіндігіне назар аударды. Осыған қоса ол Қазақ өнерпаздарының Үндістандағы халықаралық мәдени іс-шараларға қатысуы ынтымақтастыққа үлкен серпін беретіні және концерттік бағдарламаны байытатыны туралы ой бөлісті.

Бұдан басқа Н. Сингла кеңестің Үндістанда шетелдік студеттердің оның қатарында қазақстандық студенттердің толықтай тегін, әрі шәкіртақымен білім алуларына мүмкіндік бар екенін атап өтті.

Осыдан басқа үнді тарапының өкілі Махараштра штатындағы 11 бекініске ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұра мәртебесі беруіне қолдау қөрсеткені үшін Қазақстан тарапына алғыс білдірді.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар мәдени дипломатияның барлық бағыттары бойынша ынтымақтастықты нығайтуға және аталған бастамаларды жүзеге асыру үшін бірлесіп жұмыс істеуге келісті.

Үндістан мәдени байланыстар кеңесі - сыртқы мәдени байланыстарды жүзеге асыру, мәдени алмасуды дамыту және өзара түсіністікті нығайтумен айналысады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-delhi/press/news/details/1114768?lang=kk