Облыстық көркемөнерпаздардың халық шығармашылығы және кинобейқор орталығы
28.11.2025 17:00:46 87
27 қараша 2025 жылы Федоров ауданы әкімдігі мәдениет және тілдерді дамыту бөліміне қарасты «Жастар» аудандық мәдениет үйі» МКК және Қостанай облысы әкімдігі мәдениет басқармасының «Облыстық көркемөнерпаздардың халық шығармашылығы және кинобейқор орталығы» бірлесіп, Мүмкіндігі шектеулі талантты адамдарға арналған "Шекіз шығармашылдық - 2025" І-ші облыстық шығармашылық байқау-фестивалін дайындап, өткізді. Үш жыл қатарынан бұл іс-шара Өңірлік фестиваль форматында өткізіліп келді, алайда 2025 жылы форматын өзгертіп, байқау-фестивальге айналды. Бұл өз кезегінде қатысушыларға кең мүмкіндіктер берді.
Байқау- фестивальға 5 ауданнан (Федоров, Қостанай, Қарабалық, Меңдіқара және Бейімбет Майлин аудандары), сондай-ақ Қостанай облысының 3 қаласынан (Қостанай, Рудный, Лисаковск) барлығы 40 қатысушы қатысты.
Фестиваль қорытындысы:
III орын және ақшалай сертификат иегерлері: хореография номинациясы бойынша: Иванова Юлия және Гульваков Кирилл — Рудный қ., Көркем оқу номинациясы бойынша: Козенко Роман — Қостанай қ., Аспаптық орындау номинациясы бойынша: «Весёлые ложкари» ансамблі — Рудный қ., Вокал номинациясы бойынша: Назаренко Татьяна — Бейімбет Майлин ауданы.
II орын және ақшалай сертификат иегерлері: хореография номинациясы бойынша: Стисло Артём және Бурдюг Елена — Қостанай ауданы., Көркем оқу номинациясы бойынша: Харитонова Марина — Федоров ауданы, Федоров ауылы., Аспаптық орындау номинациясы бойынша: «Сантана» тобы — Лисаковск қ., Вокал номинациясы бойынша: Нұрғалиев Сенбай-Рудный қ.
I орын және «Облыстық көркемөнерпаздардың халық шығармашылығы және кинобейнеқор орталығының атынан ақшалай сертификат иегерлері: хореография номинациясы бойынша: «Конфетти» би ұжымы — Федоров ауданы, Пешков ауылы, Көркем оқу номинациясы бойынша: Даутбаев Өтеген — Қостанай қ., Аспаптық орындау номинациясы бойынша: «Ладушки» фольклорлық ансамблі — Федоров ауданы, Федоров ауылы, Вокал номинациясы бойынша: Маркелов Семён — Меңдіқара ауданы.
Жүлделі орынға ие болмаған қатысушылар да фестивальге белсенді қатысқаны үшін дипломдармен және ақшалай сыйақылармен марапатталды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay-fedorov/press/news/details/1115263?lang=kk