Астанада халықаралық STEM олимпиада 2025 өтті

Астанада халықаралық STEM олимпиада 2025 өтті

28.11.2025 18:00:44 83

22–24 қараша күндері Астана жас инженерлер мен өнертапқыштарды біріктірген инновациялық орталыққа айналды. Қалада өткен STEM Олимпиадасы мен «Роботтар шайқасы» халықаралық деңгейде 5 елден келген 250-ден астам қатысушыны жинады.

Үш күн бойы оқушылар робототехника, бағдарламалау, инжиниринг және 3D-модельдеу бойынша жобаларын таныстырып, сайыстық тапсырмалар орындады. Ең әсерлі кезең – салмағы 15 келіге дейінгі роботтар қатысқан «Роботтар шайқасы».

STEM Олимпиадасының жеңімпаздары мен үздік командалар марапатталды, ал алғаш рет өткен тәлімгерлер байқауы мұғалімдердің маңызды рөлін атап өтті.

Астанада STEM олимпиадалары 2018 жылдан бері өткізіліп келеді. Бұл алаң – болашақ инженерлер мен IT мамандарының алғашқы қадамын қалыптастыратын маңызды бастама. 

 

https://www.instagram.com/p/DRhQyxkCNXD/?hl=ru

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana-uir/press/news/details/1115418?lang=kk