🔰Жамбыл облысында заңсыз аңшылық фактісі анықталды
28.11.2025 18:40:24 15
2025 жылдың 27 қараша күні, таңғы 05:00 шамасында «Сапсан» мамандандырылған жедел қызметінің және Шу–Талас бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының мамандары бірлескен рейд жүргізу барысында Талас ауданы, Аққұм кенті маңындағы құмды алқаптан заңсыз атылған қарақұйрыққа ұқсас жануардың ұшасын анықтады.
Оқиға орнынан «А» және «Ж» есімді азаматтар жол талғамайтын автокөлігімен ұсталып, бір бірлік аңшы қаруы тәркіленді.
Аталған оқиға бойынша ҚР ҚК-нің 337-бабы 1-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Қазіргі уақытта іске қатысты тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-tabigat/press/news/details/1115491?lang=kk