Финляндия бизнесі Қазақстанға іскерлік сапардың қорытындысын шығарды
28.11.2025 19:20:30 75
Хельсинки, 2025 жылғы 26 қараша – «EastCham Finland» кеңсесінде Финляндия Президенті А. Стуббтың 2025 жылғы 28–29 қазанда Қазақстанға жасаған ресми сапары кезінде еріп келген бизнес-делегация мен фин компанияларының кездесуі өтті.
Кездесуге қатысушылар өткен «Қазақстан–Финляндия» бизнес-форумының қорытындыларын, қол жеткізілген уағдаластықтарды және ынтымақтастықтың алғашқы практикалық нәтижелерін талқылады.
Фин бизнесі өкілдері Орталық Азиядағы стратегиялық серіктес ретінде Қазақстанға деген жоғары қызығушылықты атап өтті. Энергетика, көлік және логистика, білім беру, денсаулық сақтау, орман және су шаруашылығы, туризм және экология бағыттарына ерекше назар аударылды.
Сондай-ақ бірлескен жобаларды дамыту және сауда-экономикалық әрі инвестициялық ынтымақтастық шеңберінде іскерлік байланыстарды кеңейту жөніндегі ұсыныстар қарастырылды.
Кездесу барысында Қазақстанның Финляндиядағы Елшісі Азамат Әбдірайымов мұндай ауқымды бизнес-делегацияның Қазақстанға сапары іскерлік әріптестікті одан әрі дамыту үшін маңызды бастау болатынын, өңірге деген компаниялардың қызығушылығын арттыратынын және екіжақты қатынастардың серпінді өсуіне жаңа мүмкіндіктер ашатынын атап өтті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-helsinki/press/news/details/1115508?lang=kk