Cу тасқынының алдын алу жұмыстарына бақылау жүргізілді
01.12.2025 09:30:47 49
Бүгін аудан әкімі Жандос Еркінбек су тасқынының алдын алу шараларының барысын бақылау мақсатында ұзындығы шамамен 2000 метрді құрайтын қорғаныс бөгетінің жағдайымен танысты. Бұл бөгет қыс-көктемгі қар суынан қорғау үшін салынған және ауданның қауіпсіздігін қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарады.
Тексеру барысында бөгеттің техникалық жай-күйі және нығайту жұмыстары қаралды.
Аудан әкімі «Қармақшысушар» Өндірістік Учаскесі мекемесінің басшысына қорғаныс бөгетін қосымша нығайту, қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету жөнінде нақты тапсырмалар жүктеді. Сонымен қатар төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында бақылауды күшейтіп, жедел әрекет етуге дайындықты қамтамасыз ету міндеттелді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-karmakshy/press/news/details/1115770?lang=kk