“Заң және Тәртіп» қағидаты аясындағы кездесу
01.12.2025 09:30:52 90
«Заң және Тәртіп» Қағидатын жүзеге асыру аясында, Самар ауданының прокуратурасы уәкілетті органдармен бірлесіп 9-11 сынып оқушыларымен «Кәмелетке толмағандар арасында құқықтық сауаттылық пен қауіпсіздік» тақырыбында кездесу өткізді. Кездесу барысында жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу, ерте жүктіліктің, нашақорлық пен жыныстық жолмен берілетін инфекциялар зияны, сондай-ақ қоғамдық қауіпсіздік пен азаматтык жауаптылық мәселелері талқыланып, оқушылардың сұрақтарына тиісті жауаптар берілді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-samar-sarybel/press/news/details/1115757?lang=kk