Салыққа берешегі бар азаматтарға ескерту.
01.12.2025 15:50:58 20
Бүгін Мұнайлы аудандық полиция бөлімінің әкімшілік полиция қызметкерлері, аудандық мемлекеттік кірістер басқармасы және Дәулет ауылдық округі әкімі аппараты мамандарының ұйымдастыруымен рейдтік шара өткізілді.
Рейдтік шарада төленбеген салықтық берешегі бар тұрғындарға түсіндіру және бірқатар ескертулер берілді. Құрметті Дәулет ауылдық округінің тұрғындары салық төлемдерін уақытылы төлеу қажеттігін қаперге береді.
Қандайда бір салық төлемдерді мерзімінде төленбеген жағдайда, Қазақстан Республикасының салық және бюджетке төленетін басқада міндетті төлемдер туралы ( салық кодексі) 25 желтоқсан 2017 жылдың № 120-VI заңына сәйкес өсімпұл жүргізілетіндігін хабарлаймыз.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau-munaily-daulet/press/news/details/1116305?lang=kk