Мұнайлы ауданында аялдамалар орнатылады 🚌

Мұнайлы ауданында аялдамалар орнатылады 🚌

01.12.2025 16:30:57 44


Аудан көлемінде, Дәулет ауылы әкімінің орынбасары және Мұнайлы ауданы Пб полиция инспекторының қатысуымен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және тұрғындар мен жаяу жүргіншілерге қолайлы жағдай жасау мақсатында арнайы көше-жолдарға тексеру жұмыстары жүргізілді.

Тексеру барысында талапқа сай емес аялдамалар мен мүлде орнатылмаған аймақтар анықталды.

Аудан бойынша бөлінген қаражатқа сәйкес, алдағы уақытта аудан және ауыл әкімдіктері тарапынан жаңа аялдамалар орнатылатындығын хабарлаймыз.

👉 Құрметті тұрғындар, жаңа орнатылатын аялдамаларды таза ұстауға және заң бұзушылықтарға жол бермеуге шақырамыз!

#МаңғыстауоблысыПолициядепартаменті #ДепартаментполицииМангистаускойобласти #АяғановСағындық #СағындықАяғанов #ДПМО #МОПД #ҚРІІМ #МВДРК

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau-munaily-daulet/press/news/details/1116424?lang=kk