«Бәріміз зорлық– зомбылықсыз әлем үшін» дөңгелек үстел.

«Бәріміз зорлық– зомбылықсыз әлем үшін» дөңгелек үстел.

01.12.2025 17:01:56 39

Бүгін «Бәріміз зорлық– зомбылықсыз әлем үшін» 16 күн белсенді әрекет республикалық акциясы аясында құқық қорғау органдары, «Асылмұра» қоғамдық бірлестігінің мүшесі Смагулова Э.Н, «Асылмұра» қоғамдық бірлестігінің хатшысы Кумарова Ж.А Бастаушы ауылдық кітапханасында дөңгелек үстел ұйымдастырылды.
Дөңгелек үстел барысында қатысушылар зорлық-зомбылықтың қандай формалары болатынын, қорғану және қолдау жолдарын, сондай-ақ жәбірленушілерге көмектесу тетіктерін талқылады.
Ерекше назар жас ұрпақтың рөліне аударылды. Белсенді, бастамашыл жастар қауіпсіз орта қалыптастыруда негізгі қатысушыға айналып, агрессияға, қысым мен немқұрайдылыққа жол бермеуге ықпал етеді.
Талқылау нәтижесінде қатысушылар:
зорлық-зомбылықтың қандай түрлерге ие болатынын жақсырақ түсінді;
көмекке қайда жүгінуге болатынын білді;
достар мен топтастарды қолдау тәсілдерін талқылады;
жастардың зорлық-зомбылықтың алдын алудағы маңызды рөлін көрді.
Дөңгелек үстелде ұйымдастырушылары түрлі құрылымдардың ынтымақтастығы құрмет пен қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыруға көмектесетінін атап өтті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-samar-bastaushy/press/news/details/1116466?lang=kk