Өскемен қалалық мәслихатында Өскемен қаласының ішкі саясат бөлімінің, Өскемен қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің, сондай-ақ Өскемен қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің бюджет жобаларын қарау жөніндегі уақытша комиссиясының отырысы өтті.
01.12.2025 17:22:43 23

Қарау қорытындысы бойынша ішкі саясат бөліміне жастарды патриоттық тәрбиелеу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу, жастарға тұрақты көшпелі жиындар өткізуге қосымша шығындарды есептеу, сондай-ақ Жастар ресурстық орталығы қызметкерлерінің жалақысын арттыру туралы мәселеге бастамашылық жасау ұсынылды.
Мәдениет және тілдерді дамыту бөліміне қаланың шағын аудандарында жаңа серуендеу аймақтарының аумақтарында тұрақты мәдени іс-шараларды өткізуге қаражат қарастырып, шығармашылық дарынды өскемендіктердің бос уақытын және өзін-өзі жүзеге асыру мүмкіндіктерін қамтамасыз ету ұсынылды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ukmaslihat/press/news/details/1116548?lang=kk