2025–2026 жылдардағы жылыту маусымында өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету

2025–2026 жылдардағы жылыту маусымында өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету

01.12.2025 17:22:52 17

2025–2026 жылдардағы жылыту маусымы 2025 жылғы 1 қазанда басталғаннан бері Қостанай облысы аумағында 85 өрт оқиғасы тіркелді. Азаматтық қорғау органдары жүргізіп жатқан алдын алу шараларының уақтылы және жүйелі жүргізілуінің арқасында жағдай тұрақты деңгейде сақталуда.

Өрттердің негізгі себептері — электр жабдықтарын монтаждау және пайдалану қағидаларын бұзу, жылыту пештерін дұрыс орнатпау және пайдалану, отпен абайсыз жұмыс істеу, сондай-ақ өзге де анықталмаған себептер.

Алдын алу шаралары

Өрт қауіпсіздігін күшейту мақсатында Қостанай облысы Төтенше жағдайлар департаменті 2025–2026 жылдардағы жылыту маусымында тұрғын секторда профилактикалық іс-шараларды жүргізу жөніндегі жоспарды іске асыруда.

Өрт қауіпсіздігі айлығының екінші кезеңі аясында әлеуметтік осал топтар тұратын үйлерге қайта 100% аралау жұмыстары жүргізілді.

Анықтама үшін:
Департамент есебінде 7 429 отбасы бар, оның ішінде:

3 165 көпбалалы отбасы,

1 049 жалғыз тұратын зейнеткер,

1 424 жүріп-тұруы шектеулі азамат,

290 жетім бала.

Жылыту жүйесінің түрлері:

2 334 — орталықтандырылған жылу,

3 261 — қатты отын,

1 834 — газбен жылыту.

Аралау барысында тұрғындарға өрт қауіпсіздігінің негізгі талаптары түсіндіріліп, оқыту бейнероликтері бар QR-кодтар таратылды, нұсқаулықтар мен профилактикалық әңгімелер жүргізілді.

Ақпараттық-түсіндіру жұмыстары

Халықтың хабардарлығын арттыру мақсатында Департамент апта сайын «112» нөмірі арқылы газбен жабдықтау жүйелерін қауіпсіз пайдалану туралы SMS-хабарламалар жібереді. Теле- және радиоканалдарда күн сайын өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау қажеттілігі туралы аудиороликтер мен ақпараттық хабарламалар трансляцияланады.

Білім беру ұйымдарында балалар мен жасөспірімдерге ерекше көңіл бөлінеді. Барлық мектептер мен білім беру мекемелерінде жылыту және электр құралдарын қауіпсіз пайдалану, өрттің алдын алу және балаларды қараусыз қалдырмау мәселелеріне арналған сынып сағаттары мен тақырыптық сабақтар өткізілді.

Осы жылы өртпен ойнаудың алдын алуға бағытталған 65 192 дана көрнекі үгіт материалдары таратылды. Сонымен қатар:

1 139 интерактивті және ашық сабақ (қамтылғаны — 85 380 оқушы),

1 962 нұсқаулық,

3 225 дәріс пен әңгіме өткізілді (қамту — 104 мыңнан астам оқушы).

Құтқарушы және өрт сөндіруші мамандығын насихаттау мақсатында 421 экскурсия Департамент мұражайында және өрт сөндіру бөлімдерінде ұйымдастырылды. Балаларға өрт қауіпсіздігінің талаптары және төтенше жағдайлар кезіндегі іс-қимыл тәртібі түсіндірілді.

Қауіпсіз эвакуация дағдыларын тәжірибе жүзінде пысықтау үшін 1 341 оқу-жаттығу өткізіліп, оған 63 764-тен астам адам қатысты.

Әлеуметтік осал топтарға қолдау және ұйымдармен жұмыс

Көппәтерлі тұрғын үйлерді қызмет көрсету ұйымдарының басшыларымен жертөле және шатырларға бөгде адамдардың кіруіне жол бермеу бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Жергілікті атқарушы органдар мен еріктілердің қатысуымен әлеуметтік осал санаттағы азаматтарға мақсатты көмек көрсетілді. Атап айтқанда:

3 786 түтін мұржасы тазартылды,

186 пешке жөндеу жүргізілді,

121 үйде электр сымдары ауыстырылды,

2 051 көмірқышқыл газы датчигі орнатылды.

Сонымен қатар, ақпараттық бейнероликтер әзірленіп, жергілікті БАҚ пен әлеуметтік желілерде кеңінен жарияланды.

Қостанай облысы Төтенше жағдайлар департаменті өрт оқиғаларын азайтуға, халықтың қауіпсіздік мәдениетін арттыруға және жылыту маусымында тұрғындардың қауіпсіз өмір сүру жағдайларын қамтамасыз етуге бағытталған кешенді профилактикалық жұмысты жалғастыруда.

Қостанай облысы әкімдігі барша тұрғындарды өрт қауіпсіздігі қағидаларын сақтауға және жылыту құралдарының техникалық жай-күйін уақытылы тексеруге шақырады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/1116545?lang=kk