Жобаның мақсаты – құқық бұзушылықтар деңгейін төмендету, түрлі мақсатты топтармен нысаналы жұмыс жүргізу, халыққа құқықтық көмек көрсету және құқықтық сауаттылықты арттыру, сондай-ақ азаматтарда тұрақты құқықтық сананы және заңға құрметпен қарауды қалыптастыру.
Акцияның алғашқы күнінде зейнеткерлермен және қала тұрғындарымен кең көлемді мекенжайлық жұмыс жүргізіліп, олардың құқықтары мен әртүрлі қылмыстық қолсұғушылықтардан қорғау шаралары, сондай-ақ құқыққа қарсы әрекеттер жасағаны үшін заңда көзделген жауапкершілік түсіндірілді.
Отбасылық-тұрмыстық саладағы құқық бұзушылықтардың және алаяқтықтың алдын алуға ерекше назар аударылды, оның ішінде кредиттер мен микронесиелерді рәсімдеуге тосқауыл қою мүмкіндіктері туралы ақпарат берілді.
«AMANAT» партиясы алаңында Ардагерлер кеңесімен кездесу өткізіліп, онда қатысушыларға қаржылық және интернет алаяқтарынан қорғану тәсілдері, сондай-ақ құқықтық қауіпсіздіктің басқа да шаралары қолжетімді түрде жеткізілді.
Қаланың ірі сауда орындарында азаматтарды жеке қабылдау ұйымдастырылды. Халыққа құқықтық көмек көрсетіліп, тұрғындардан түскен барлық сұрақтар бойынша жан-жақты түсініктемелер берілді. Бірқатар жазбаша өтініштер қабылданып, олар заңда белгіленген тәртіппен қаралатын болады.
Риддер қаласындағы «Құқықтық десант» жұмысы жалғасуда.
Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасы

