Қазақстан мен Чехия «сағаттарын теңестірді»
02.12.2025 08:40:26 119
Прага, 2025 жылғы 1 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Чех Республикасындағы Елшісі Бақыт Дүйсенбаев Чех Республикасының Сыртқы істер министрі Ян Липавскимен кездесті.
Кездесу барысында өткен жылдың қорытындылары және алдағы кезеңде жан-жақты өзара іс-қимылды одан әрі дамыту перспективалары, соның ішінде екіжақты сапарлар талқыланды.
Тараптар түрлі деңгейлердегі өзара байланыстардың оң динамикасын, тауар айналымының біртіндеп өсіп келе жатқанын, сондай-ақ мәдени-гуманитарлық және академиялық салалардағы белсенді алмасуларды ерекше атап өтті. Тараптар энергетика, көлік-логистика және машина жасау салаларындағы жобаларға жеке көңіл бөлді.
Дипломаттар сондай-ақ жаһандық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша пікір алмасты және БҰҰ мен басқа да халықаралық ұйымдар шеңберінде өзара тиімді ынтымақтастықты әрі қарай дамытуға мүдделілігін растады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-prague/press/news/details/1116751?lang=kk