"Риддер қаласы әкімінің аппараты" ММ-де ыңғайлы және қолжетімді "Құқық кабинеті" жұмыс істейді.
02.12.2025 11:40:33 167
"Риддер қаласы әкімінің аппараты" ММ-де ыңғайлы және қолжетімді "Құқық кабинеті" жұмыс істейді.
"Құқық кабинеті" - бұл әрбір азамат қажетті құқықтық ақпаратты ала алатын және тегін заң көмегін пайдалана алатын кеңістік. Кабинеттің негізгі мақсаты - халықты өзекті заңнамаға қолжетімділікпен қамтамасыз ету және тұрғындарға құқықтық нормаларды өз бетінше зерделеуге көмектесу.
Кабинет Риддер қаласы, Семенова көшесі, 19 мекенжайы бойынша әкімдік ғимаратында өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштарының базасында орналасқан.
Жұмыс уақыты: жұмыс күндері 8:00-ден 17: 00-ге дейін. (түскі үзіліс сағат 12.00-ден 13.30-ға дейін)
Кабинетте компьютер және принтер бар. Келушілерге "Әділет" ЖЗШ, "Заң" ДБ, сондай-ақ мемлекеттік ақпараттық жүйелерге: e-Otinish, eGov, "Ашық НҚА" порталына және т. б. қолжетімділік берілді.
Сұрақтар туындаған жағдайда көрсетілетін қызметті алушылар мемлекеттік-құқықтық жұмыс бөлімінің қызметкерлеріне жүгіне алады немесе 1414 байланыс орталығына қоңырау шала алады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-ridder/press/news/details/1116993?lang=kk