Алматыда ЕАЭО кәсіпкерлерінің қатысуымен халықаралық зергерлік көрме өтті
02.12.2025 12:31:19 135
Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті 2025 жылғы 27–30 қараша аралығында «АТАКЕНТ-EXPO» көрме орталығында Еуразиялық экономикалық одаққа (ЕАЭО) мүше мемлекеттердің кәсіпкерлері қатысқан халықаралық зергерлік көрме-жәрмеңкесі өткенін хабарлайды.
Іс-шара аясында зергерлік бұйымдар мен сәндік-қолданбалы өнер туындыларының таныстырылымы және сатылуы ұйымдастырылды.
Көрме-жәрмеңке форматындағы сауданы өткізу тәртібі қолданыстағы салық заңнамасының нормаларын сақтау талаптарын айқындайтын Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 13 ақпандағы № 174 бұйрығымен реттеледі.
Осыған байланысты, салық заңнамасын сақтау мәселелері бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу, ЕАЭО шеңберінде тауарлардың қозғалысын есепке алу және бақылау тәртібін түсіндіру, сондай-ақ кәсіпкерлердің салық мәдениетін арттыру мақсатында Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті қызметкерлерінің аталмыш іс-шараға қатысуы қамтамасыз етілді.
Жүргізілген жұмыс кәсіпкерлік қауымдастығымен өзара іс-қимылды нығайтуға, қатысушылардың құқықтық хабардарлығын арттыруға және салық заңнамасын бұзудың алдын алуға ықпал етті.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-almaty/press/news/details/1117035?lang=kk