Өскемен қалалық мәслихатында Өскемен қаласының тұрғын үй қатынастары бөлімі және Өскемен қаласының құрылыс бөлімі ұсынған Өскемен қаласы бюджетінің жобаларын талқылау жөніндегі уақытша комиссияның отырысы өтті.

02.12.2025 16:50:43 76

Өскемен қалалық мәслихатында Өскемен қаласының тұрғын үй қатынастары бөлімі және Өскемен қаласының құрылыс бөлімі ұсынған Өскемен қаласы бюджетінің жобаларын талқылау жөніндегі уақытша комиссияның отырысы өтті.

Отырыс барысында құрылыс бөліміне инфрақұрылым және тұрғын үй құрылысы саласында іске асырылатын жобаларды аяқтау үшін облыстық және республикалық бюджеттерден қаржыландыру мәселелерін пысықтау ұсынылды.

Тұрғын үй қатынастары бөліміне көппәтерлі тұрғын үйлердің қасбеттерін жөндеуге, сондай-ақ оларды кейіннен апаттық қордан көшіру мақсатында апатты үйлердің иелері үшін пәтерлер сатып алуға қаражат бөлу үшін бюджеттік өтінімдер дайындау қажет. Сонымен қатар, бөлім қажетті бюджет қаражатын есептей отырып, қала теңгеріміндегі лифт жабдықтарын жөндеудің мүмкін тетіктерін пысықтауы керек.

Өскемен қаласының аумақтық басқару орталығына аула аумақтарында орналасқан футбол қораптарын жөндеу үшін қажетті шығындарды есептеуді жүргізу, оларды мамандандырылған ұйымның (мемлекеттік мекеменің) теңгеріміне беру тәртібін айқындау, сондай-ақ Өскемен қаласының аумақтық басқару орталығы филиалдарының материалдық-техникалық базасын жақсарту бойынша есептерді дайындау ұсынылды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ukmaslihat/press/news/details/1117366?lang=kk