Тәуелсіздік күні мен жаңа жылдық мерекелік іс-шараларға дайындық барысы туралы

Тәуелсіздік күні мен жаңа жылдық мерекелік іс-шараларға дайындық барысы туралы

02.12.2025 17:50:34 85

Бүгін аппараттық кеңесте басты мемлекеттік мереке — Тәуелсіздік күнін мерекелеуге дайындық  және жаңа жылдық іс-шараларды ұйымдастыру барысы туралы баяндалды.

Тәуелсіздік күні - еліміздің маңызды мерекесіне орай  Қостанайдың барлық білім және мәдениет ұйымдарында қоғам қайраткерлерімен тақырыптық кездесулер, дәрістер, көрмелер, квесттер, патриоттық сабақтар өтеді, Ахмет Байтұрсынұлы мен Мыржақып Дулатұлының ескерткіштеріне гүл шоқтарын қою рәсімі жоспарланған.

Жаңа жылдық іс-шаралар облыс әкімдігінің орталық алаңында, «Жастар» бульварында, «Керуен» саябағында, Қонай және Юбилейный шағын аудандарында бір уақытта шыршаларды жағудан басталады.  Қала тұрғындарының қалауы бойынша биыл шыршаларды жағу рәсімі 18 желтоқсан күні сағат 20:00-де өтеді.  Бұл уақыт жұмыс күні мен мектептегі екінші ауысым аяқталғаннан кейін балалары бар ата-аналар мерекелік іс-шара орындарына уақытылы жетіп, асықпай тамашалауға ыңғайлы болу үшін белгіленді.

Дәстүр бойынша, қала орталығында, сондай-ақ басқа орындарда мұз сырғанақтары, жарықтандырылған мұз айдындары,  мұз лабиринті, тақырыптық мұздықтар және жарық композицияларымен жабдықталады.

Естеріңізге саламыз: мерекелік іс-шаралар кезінде қауіпсіздік шараларын сақтау, балаларды бақылау және пиротехника мен мерекелік әшекейлерді пайдалану ережелеріне мұқият қарау маңызды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-kalasy-akimat/press/news/details/1117478?lang=kk