Қазақстан СІМ басшысы Швейцария вице-президентімен келіссөздер өткізді

Қазақстан СІМ басшысы Швейцария вице-президентімен келіссөздер өткізді

03.12.2025 08:01:14 68

Берн, 2025 жылғы 2 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев Швейцария Вице-президенті, Экономикалық қатынастар, білім және зерттеулер жөніндегі федералдық департаментінің басшысы Ги Пармеланмен кездесу өткізді.

Келіссөздер барысында тараптар 2025 жылғы 28 қарашада Астана қаласында Г.Пармеланның Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен және Премьер-министрі Олжас Бектеновпен өткізген кездесулерінің нәтижелері бойынша қол жеткізілген уағдаластықтардың маңыздылығын растады.

Саяси және сауда-экономикалық салалардағы, оның ішінде өнеркәсіп, көлік және логистика, цифрландыру, фармацевтика және қаржы бағыттарындағы өзара іс-қимылды жандандыру мәселелері бойынша пікір алмасу өтті.

Сұхбаттастар сондай-ақ Астана мен Берн арасындағы екіжақты ынтымақтастықтың қазіргі ахуалы мен перспективаларын талқылап, саяси диалогты одан әрі нығайтуға екіжақты мүдделілікті растады.

Е.Көшербаев Г.Пармеланның таяуда Қазақстанға жасаған сапары екі ел арасындағы сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастыққа жаңа серпін бергенін атап өтті.

«Біз қарқынды әрі конструктивті диалог орнаттық. Осы оң үдерісті сақтап, өзара алмасуларды жандандыруды және барлық бағыт бойынша ынтымақтастықты тереңдетуді жалғастыру маңызды», – деп мәлімдеді Қазақстан СІМ басшысы.

Өз кезегінде Швейцария Вице-президенті Қазақстан басшылығымен өткен табысты келіссөздер мен Астанада өткен Қазақстан-Швейцария іскерлік кеңесінің 5-ші отырысына өкілді бизнес-делегацияның қатысуы өзара тиімді серіктестікті одан әрі тереңдетуге деген ортақ мүддені айқындағанын жеткізді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1117599?lang=kk