«BDPST Group» және «Waberer’s» компаниялары Қазақстандағы жобаларды дамытуға қызығушылықтарын растады

«BDPST Group» және «Waberer’s» компаниялары Қазақстандағы жобаларды дамытуға қызығушылықтарын растады

03.12.2025 08:01:17 131

Будапешт, 2025 жылғы 1 желтоқсан - Будапешттегі Қазақстан Елшілігінде Елші Абзал Сапарбекұлының Мажарстанның «BDPST Group» және «Waberer’s» компанияларының басшылығымен кездесуі өтті.

Тараптар бірлескен логистикалық жобаларды талқылауды жалғастырып, көлік бағыттарын дамыту және халықаралық дәліздер аясындағы ынтымақтастықты кеңейту мәселелеріне назар аударды.

Кездесу барысында компания өкілдерінің қазан айында Қазақстанға сапарлағаны атап өтілді. Олар «Хоргос - Шығыс қақпасы» АЭА-ның қызметімен, Ақтау теңіз портының жұмысымен, сондай-ақ Орта дәліздің дамуы және басқа да стратегиялық бағыттармен танысты. Мажар тарапы Қазақстанның логистикалық әлеуетінің жоғары деңгейін атап өтіп, одан әрі әріптестікке қызығушылық білдірді.

Елші Қазақстанның экономикалық ынтымақтастықты тереңдетуге және перспективалы жобалар бойынша бірлескен жұмысты жалғастыруға ашық екенін атап өтті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-budapest/press/news/details/1117597?lang=kk