Сыра және сыра сусындарын міндетті таңбалауды енгізу туралы
03.12.2025 11:40:52 119
ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті ҚР Сауда және интеграция министрінің міндетін атқарушысының 2024 жылғы 27 қыркүйектегі №343-НҚ «Таңбалауға жататын тауарлардың тізбесін айқындау туралы» бұйрығына 22.11.2025 жылғы №330-НҚ бұйрығымен өзгерістер мен толықтырулар енгізілгенін және сыра мен сыра сусындарын міндетті таңбалау мерзімдері белгіленгенін хабарлайды.
Міндетті таңбалау мерзімдері:
- 2026 жылғы 1 ақпаннан бастап – кегтегі сыра және сыра сусындары;
- 2026 жылғы 1 ақпаннан бастап – бөтелкедегі сыра және сыра сусындары;
- 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап – банкадағы сыра және сыра сусындары.
Таңбалау жүйесінде тіркелу, таңбалау кодтарын алу немесе техникалық қолдау қажет болса, тауарларды таңбалау бойынша Бірыңғай операторға хабарласыңыз:
8 800 080 65 65 (қоңырау тегін)
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-almaty/press/news/details/1117821?lang=kk