Астана мен Хельсинки өңіраралық ынтымақтастықты нығайтуда

Астана мен Хельсинки өңіраралық ынтымақтастықты нығайтуда

03.12.2025 12:21:29 141

Хельсинки, 2025 жылғы 1 желтоқсан – Қазақстанның Финляндиядағы Елшісі Азамат Әбдіраимов Хельсинки қаласының Мэрі Даниэл Сазоновпен кездесті.

Келіссөздер барысында тараптар өңіраралық байланыстарды дамыту, экономикалық әріптестікті кеңейту, сондай-ақ тұрақты даму саласындағы бірлескен жобаларды іске асыру тұрғысындағы екіжақты ынтымақтастықты нығайту перспективаларын талқылады.

Қазақ дипломаты елімізде жүзеге асырылып жатқан саяси-экономикалық жаңғырулар, сондай-ақ қолайлы инвестициялық ахуал қалыптастыру жөніндегі шаралар туралы хабардар етті. Ол Қазақстанның Финляндиямен «жасыл» энергетика, инновациялар, қалалық басқаруды цифрландыру және экологиялық көлік салаларындағы ынтымақтастықты кеңейтуге мүдделілігін атап өтті.

Хельсинки Мэрі Қазақстан мен Финляндия арасындағы байланыстардың қарқынды дамуын құптап, қалалық инфрақұрылым, тұрақты урбанистика және білім беру жобалары салаларында өзара іс-қимылдың айтарлықтай әлеуеті бар екенін атап көрсетті. Ол муниципалитет тарапынан екі елдің салалық ұйымдары мен компаниялары арасында тікелей байланыс орнатуға қолдау көрсетуге дайын екенін білдірді.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар өзара қызығушылық тудыратын нақты бастамаларды бірлесіп.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-helsinki/press/news/details/1117873?lang=kk