Ригада Қазақстанның туристік мүмкіндіктері таныстырылды

Ригада Қазақстанның туристік мүмкіндіктері таныстырылды

03.12.2025 13:20:49 114

Рига, 2025 жылғы 2 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Елшілігі Латвияның жетекші туроператоры «Uno Travel» компаниясымен бірлесіп, Қазақстанның туристік әлеуетіне арналған «ашық есік» күнін өткізді.

«Born Bold» акциясы аясында қонақтарға еліміздің туристік әртүрлілігі таныстырылып, Қазақстанның бірегей көркем табиғатын, бай тарихи және мәдени мұрасын, сондай-ақ заманауи жетістіктерін қамтыған экспозициялармен танысуға мүмкіндік алды.

Келушілерге Елшілік шығарған Қазақстан туралы туристік кітапша таратылды.

Іс-шараға елорда тұрғындары мен қонақтары, туристік операторлардың өкілдері қатысты.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-riga/press/news/details/1117992?lang=kk