Қазақстан Дүниежүзілік банктің рейтингісінде 21 сатыға көтерілді

Қазақстан Дүниежүзілік банктің рейтингісінде 21 сатыға көтерілді

03.12.2025 14:10:36 181

Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінен Qazinform ақпарат агенттігі хабарлағандай, Қазақстан Дүниежүзілік банктің Статистикалық көрсеткіштер тиімділігі (SPI) рейтингісінде 217 елдің ішінде 44-орынға жайғасты, бұл өткен жылғы көрсеткіштен (2023 жылы 65-орын) 21 сатыға жоғары.

Дүниежүзілік банк жыл сайын ресми мойындалған халықаралық дереккөздерге негізделген Статистикалық өнімділік индикаторлары (SPI) рейтингін жариялайды. Ол ұлттық, өңірлік және жаһандық бағалауларды қоса алғанда, жаһандық даму туралы өзекті және дәл деректерді ұсынады.

SPI елдің ұлттық статистикалық жүйесінің мүмкіндіктерін деректерді пайдалану, көрсетілетін қызметтер, статистикалық өнімдер, дереккөздер және деректер инфрақұрылымы сияқты критерийлер бойынша көрсетеді. Шкала 0-ден 100-ге дейінгі аралықты қамтиды, мұнда 100 жоғары деңгейді білдіреді.

Өткен жылдың деректері бойынша Қазақстанның ұлттық статистикалық жүйесі 100-ден 84,9 ұпай жинады. Жалпы жақсару келесі компоненттердің жақсаруы есебінен болды: Деректерді пайдалану (+10), Дереккөздер (+10,2), Деректер инфрақұрылымы (+10) және Деректер қызметтері (+1,1).

SPI-2024 рейтингісінде Норвегия, Швеция және Канаданың статистикалық жүйелері көш бастап тұр.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-geneva/press/news/details/1117998?lang=kk