Қазақстан Халқы Ассамблеясының 30 жылдығына орай іс-шара өткізілді

Қазақстан Халқы Ассамблеясының 30 жылдығына орай іс-шара өткізілді

03.12.2025 18:11:38 465

Ағымдағы жылдың 2 желтоқсан күні Басқұдық ауылдық мәдениет үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына орай концерттік шара өтті. Іс-шара Маңғыстау облыстық Ақпарат және қоғамдық даму басқармасының қолдауымен және "Parasat Aktau" қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен өткізілді. Бұл шара еліміздегі бейбітшілік пен келісімді, ұлтаралық татулықты дәріптеуге арналған маңызды мерекелік кеш болды.

Концерттік кешті "Parasat Aktau" қоғамдық бірлестігінің басшысы Толқын Бердібайқызы ашып, Қазақстан халқы Ассамблеясының қоғамдағы орны мен рөлін ерекше атап өтті. Ол өз сөзінде елдегі татулық пен тұрақтылық – әрбір азаматтың ортақ құндылығы екенін тілге тиек етті.

Шара барысында әр түрлі ұлт өкілдерінің өнерпаздары өз мәдениеттерін таныстырып, ән мен биден шашу шашты. Ұлттық киімдер киіп шыққан өнер ұжымдары көрерменге көтеріңкі көңіл күй сыйлап, көпұлтты Қазақстанның біртұтас рухын бейнеледі.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau-munaily-basqudyq/press/news/details/1118383?lang=kk