Қазақстан мен Эстония авиация саласындағы ынтымақтастықты нығайтуда

Қазақстан мен Эстония авиация саласындағы ынтымақтастықты нығайтуда

03.12.2025 20:30:25 268

Таллин, 2025 ж. 3 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Эстониядағы Елшісі А.Көлгінов әуежайларға арналған электрмен жабдықтау жүйелері мен жерүсті техникаларын әзірлейтін және өндіретін Еуропаның жетекші компанияларының бірі – ElectroAir кәсіпорнының өндірістік қуаттарымен танысты.

Сапар барысында ElectroAir басшылығы әуе кемелеріне жерүсті қызмет көрсетудің заманауи шешімдерімен қатар, энергия үнемдеу және цифрлық бақылау технологияларын қамтитын өз өнімдерінің кең ауқымын таныстырды. Сондай-ақ ElectroAir компаниясының инновациялық әзірлемелерін қазақстандық авиациялық нысандарда қолдану мүмкіндіктері мен өндірісті жергілікті деңгейде ұйымдастыру перспективаларына ерекше назар аударылды.

Қазақстан Елшісі авиациялық инфрақұрылым саласындағы ынтымақтастықтың жоғары әлеуетін атап өтіп, Қазақстанның озық технологияларды тартуға және еуропалық өнеркәсіптік кәсіпорындармен әріптестікті дамытуға мүдделі екенін атап өтті.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-tallin/press/news/details/1118470?lang=kk