Бразилиялық студенттер Қазақстан Елшілігіне сапарлады

Бразилиялық студенттер Қазақстан Елшілігіне сапарлады

04.12.2025 08:01:00 38

Бразилиа, 2025 жылғы 3 желтоқсан – Қазақстанның Елшілігінде дипломаттар бразилиялық студенттермен кездесті. Студенттерден құралған топқа Бразилияның «Ânima Educação» жоғары білім беру ұйымының мүшесі Энрике Магальес Гомес пен оларды ертіп жүрген мұғалім жетекшілік етті.

Студенттер үшін Қазақстан тарихы мен мәдениеті, қазақ тілі, ұлттық тағамдар мен ел табиғаты туралы арнайы таныстырылым жасалды. Сонымен қатар, бразилиялық студенттер Елшіліктің қызметімен және Қазақстан-Бразилия екіжақты қатынастардың негізгі тұстарымен танысты.

Шара барысында бразилиялық студенттер Қазақстанға, оның сыртқы саясатына, экономикасы мен білім беру жүйесіне ерекше қызығушылық танытып, оған көптеген тақырыптық сауалдар дәлел болды.

«Ânima Educação» - Бразилияда 2003 жылы құрылған жекеменшік жоғары білім беру ұйымы. Студенттер саны бойынша елдегі жекеменшік оқу орындарының арасында төртінші орынға ие. Аталған ұйымның президенті болып, Марсело Баттистелла Буэно табылады. Бас кеңсесі Сан-Паулу қаласында орналасқан.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-brazil/press/news/details/1118505?lang=kk