Қазақстан Республикасының ДСҰ жанындағы Тұрақты өкілдігі «Даму үшін көрсетілетін қызметтер саудасы» бастамасы бойынша Конференцияға қатысты

Қазақстан Республикасының ДСҰ жанындағы Тұрақты өкілдігі «Даму үшін көрсетілетін қызметтер саудасы» бастамасы бойынша Конференцияға қатысты

04.12.2025 08:01:21 30

Женева, 2025 жылғы 3 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Дүниежүзілік сауда ұйымы жанындағы Тұрақты өкілдігі бүгін Женевадағы ДСҰ штаб-пәтерінде басталған екі күндік Trade in Services for Development («Даму үшін көрсетілетін қызметтер саудасы») конференциясының ашылуына қатысты.

Іс-шараны ДСҰ Бас директоры д-р Нгози Оконджо-Ивеала ресми түрде ашып, көрсетілетін қызметтер саудасының жаһандық экономикалық өсудің негізгі қозғаушы күштерінің бірі екенін және дамушы елдердің қатысуын кеңейту үшін ерекше көңіл бөлуді қажет ететінін атап өтті.

2024 жылғы қыркүйекте өткен ДСҰ Қоғамдық форумында іске қосылған «Даму үшін көрсетілетін қызметтер саудасы» бастамасы — ДСҰ мен Дүниежүзілік банктің бірлескен бағдарламасы. Ол дамушы экономикалардың көрсетілетін қызметтер саудасы саласындағы әлеуетін арттыруға және техникалық көмек көрсетуге бағытталған.

Көрсетілетін қызметтер саудасы әлемдік экономиканың ең серпінді дамып келе жатқан сегменттерінің бірі болып табылады. Көрсеілетін қызметтердің үлесі әлемдік ЖІӨ-нің шамамен 65%-ын және жаһандық жұмыспен қамтудың 50%-дан астамын құрайды. ДСҰ деректеріне сәйкес, 2024 жылы коммерциялық қызметтер саудасының көлемі 7,5 трлн АҚШ долларынан асты. Бұл көрсе ілетін қызметтер секторын әлемдік сауданың ең ірі және ең жылдам өсіп келе жатқан құрамдас бөлігіне айналдырады. Бұл үрдістер көрсетілетін қызметтер саласындағы жаһандық құн тізбектеріне қатысуды арттыруға ұмтылатын елдерді қолдаудың маңыздылығын көрсетеді.

2025 жылғы 3–4 желтоқсанда өтетін конференция барысында ДСҰ Хатшылығы мен Дүниежүзілік банк бастама аясында әзірленген немесе жаңартылған жаңа құралдарды, талдамалық материалдарды және бағдарламаларды таныстыруда. Қатысушылар олардың практикалық қолданылуын, дамушы мемлекеттердің қажеттіліктерін, оңтайлы қолдау тетіктерін және ынтымақтастықты кеңейту перспективаларын талқылауда.

Іс-шараға үкімет өкілдері, халықаралық ұйымдар, жеке сектор және сарапшылар қауымдастығы қатысып, тәжірибе алмасуда, үздік практикаларды талқылауда және бірлескен жұмысты күшейту жолдарын қарастыруда.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-wto/press/news/details/1118492?lang=kk