Текелі қаласында жаңа Салық кодексін түсіндіруге арналған Ашық есік күні өтті

Текелі қаласында жаңа Салық кодексін түсіндіруге арналған Ашық есік күні өтті

04.12.2025 17:30:45 82

Текелі қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасында жаңа Салық кодексінің негізгі ережелерін түсіндіруге арналған «Ашық есік күні» ұйымдастырылды. Азаматтар мен кәсіпкерлерге арналған бұл ақпараттық кездесуде мамандар 2026 жылдан бастап күшіне енетін заңнамадағы жаңалықтарды жан-жақты таныстырды.

Шара барысында қатысушыларға қосылған құн салығы, корпоративтік және жеке табыс салығына енгізілетін негізгі өзгерістер туралы түсініктеме берілді.

Кәсіпкерлер үшін салықтық рәсімдерді жеңілдету, шағын және орта бизнес субъектілеріне арналған жаңа мүмкіндіктер, сондай-ақ кәсіпкерлік қызметке түсетін әкімшілік жүктемені төмендетуге бағытталған шаралар жөнінде толық ақпарат ұсынылды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-zhetysu/press/news/details/1119231?lang=kk