«ТОҚТА!» Кедендік шекарада бақылау…
05.12.2025 15:31:14 91
"Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 26 желтоқсандағы № 123-VI ҚРЗ Кодексінің 22-бабының негізінде кеден органы адамдарға кеден заңнамасын қолдану мәселелері бойынша консультация беруді жүзеге асырады. Азаматтардың Қазақстан Республикасының кедендік аумағына кейбір тауарларды әкелу мүмкіндігі немесе мүмкін еместігі туралы жиі қойылатын сұрақтарын ескере отырып, лауазымды адамдар жеке пайдалануға арналған тауарларға және кәсіпкерлік мақсаттарға арналған тауарларға соңғыларын санаттай отырып, тауарларды әкелуге қатысты бақылау жүргізіліп жатқанын хабарлаймыз. Тауарларды белгілі бір санатқа жатқызу өлшемшарттары біз бұрын түсіндірген құндық, салмақтық және (немесе) сандық нормалар болып табылады.
Осы мақаламен 19.08.2022 жылғы жағдай бойынша енгізілген өзгерістермен Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2017 жылғы 20 желтоқсандағы №107 шешімімен бекітілген жеке пайдалануға арналған тауарларға жатпайтын тауарлар санаттарының тізбесі туралы хабардар етеміз.
Қазақстан Республикасының кеден аумағына 21 жасқа толған бір адаммен әкелінген этил спирті, жалпы көлемі 5 литрден асатын 05% - дан астам спирт концентрациясы бар алкогольді сусындар жеке пайдалануға арналған тауарларға жатпайды.
Қазақстан Республикасының кеден аумағына 21 жасқа толған бір адаммен әкелетін 200-ден астам темекі немесе 50 сигара (сигарилла) немесе 250 гр темекі немесе жалпы салмағы 250 гр асатын ассортиментте көрсетілген бұйымдар мөлшерінде темекі мен темекі бұйымдары жеке пайдалануға арналған тауарларға жатпайды.
Қазақстан Республикасының кеден аумағына 250 гр артық мөлшердегі бекіре тұқымдас балық түрлерінің уылдырығын әкелу жеке пайдалануға арналған тауарларға жатпайды.
Қазақстан Республикасының кедендік аумағына 5 кг-нан астам мөлшердегі шаян тәрізділерді (тірі, салқындатылған, мұздатылған) әкелу жеке пайдалануға арналған тауарларға жатпайды.
Монеталармен, банкноттармен, банк карточкаларымен, жетондармен немесе ұқсас төлем құралдарымен іске қосылатын ойындарды Қазақстан Республикасының кеден аумағына әкелу жеке пайдалануға арналған тауарларға жатпайды.
Жоғарыда аталған тауарлар әкелуге неғұрлым өзекті болып табылады, алайда жеке пайдалануға арналған тауарларға жатпайтын тауарлар санаттарының толық тізбесі Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2017 жылғы 20 желтоқсандағы №107 шешімінің №6 қосымшасында көрсетілген.
Осылайша, әртүрлі құқық бұзушылықтарды болдырмау үшін ҚР шекарасынан өтуге ниеттеніп, жеке пайдалануға арналған тауарларға жатпайтын тауарлар санаттарының жоғарыда көрсетілген тізбесімен танысқан дұрыс.
ШҚО бойынша МКД
«Әуежай-Өскемен» кеден бекеті

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-vko/press/news/details/1119896?lang=kk