2026 жылы тауарды қайтару кезінде ЭСФ-де қандай ҚҚС мөлшерлемесі көрсетіледі: іске асыру күніндегі 12% ба, әлде қайтару күніндегі 16% ба?

2026 жылы тауарды қайтару кезінде ЭСФ-де қандай ҚҚС мөлшерлемесі көрсетіледі: іске асыру күніндегі 12% ба, әлде қайтару күніндегі 16% ба?

08.12.2025 18:10:36 137

2026 жылы тауарды қайтару кезінде ЭСФ-де қандай ҚҚС мөлшерлемесі көрсетіледі: іске асыру күніндегі 12% ба, әлде қайтару күніндегі 16% ба?

Тауарды толық немесе ішінара қайтару жағдайларында айналым мөлшерін түзету жүргізіледі, бұрын экспорт кедендік рәсімімен шығарылған және реимпорт кедендік рәсімімен әкелінген тауарларды қоспағанда (Жаңа Салық кодексінің 464-бабы 2-тармағының 1) тармақшасы).

Салық кодексінің 464-бабының 5 және 6-тармақтарына сәйкес, түзету сомасы тауарды қайтару күніне сәйкес келетін салықтық кезеңнің ҚҚС салынатын (не салынбайтын) айналымына енгізіледі.
Осы күні түзету сомасына айналым жасалған күн болып танылады.

Осылайша, егер тауар 2025 жылдың желтоқсанында 12% мөлшерлемемен іске асырылған болса, онда оны 2026 жылғы 1 қаңтардан кейін қайтарған кезде жаңа 16% мөлшерлеме күшіне енгеніне қарамастан, қайтару ЭСФ-де 12% мөлшерлеме көрсетіледі.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-kostanay/press/news/details/1121358?lang=kk