Түркияның Конья провинциясы елімізде бірлескен өндірістер ашуға қызығушылық танытты

Түркияның Конья провинциясы елімізде бірлескен өндірістер ашуға қызығушылық танытты

10.12.2025 14:30:43 60

Анкара, 2025 жылғы 9 желтоқсан – Конья провинциясына жасаған жұмыс сапары аясында Елші Е.Сапиев Қазақстанның инвестициялық ынтымақтастығын кеңейтуге бағытталған бірқатар кездесулер өткізді.

Сапар барысында Елші Конья Өнеркәсіп палатасының төрағасы Mustafa Büyükeğen мырзамен кездесіп, тараптар екіжақты экономикалық қатынастардың қазіргі жағдайын, өзара инвестицияларды арттыру әлеуетін, сондай-ақ Қазақстан өңірлері мен Конья арасындағы өнеркәсіптік кооперация перспективаларын талқылады. Әсіресе ауыл-шаруашылық өнімдерін қайта өңдеу, тамақ және химиялық өндіріс, машина жасау және тоқыма салаларындағы ынтымақтастық мүмкіндіктеріне баса назар аударылды.

Сонымен қатар, делегация Коньяның бірқатар ірі кәсіпорындарын аралап, компания басшылығымен өндірісті Қазақстанда орналастыру, индустриялық аймақтардың артықшылықтарын пайдалану, сондай-ақ инвесторларды қолдау тетіктері – салықтық жеңілдіктер, экспортқа бағытталған өндірістерді дамыту бағдарламалары және «Астана» халықаралық қаржы орталығының мүмкіндіктері бойынша келіссөздер жүргізді.

Қазақстан тарапы елдің қолайлы инвестициялық ахуалы, көлік-логистикалық мүмкіндіктері туралы ақпарат ұсынып, бірлескен өндірістер ашу ықтималдығын қарастыруды ұсынды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-ankara/press/news/details/1122787?lang=kk