Импортталатын тауарлар бойынша ҚҚС төлеуді кейінге қалдыру тәртібі жеңілдетілді

Импортталатын тауарлар бойынша ҚҚС төлеуді кейінге қалдыру тәртібі жеңілдетілді

10.12.2025 15:40:56 194

        Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті Салық кодексінің 134-бабында көзделген импортталатын тауарлар бойынша қосылған құн салығын (ҚҚС) төлеуді кейінге қалдыру әдісін жетілдіру туралы хабарлайды.

      Жаңартылған тәсілдер адал өндірушілер үшін ашықтықты, болжамдылықты және қолайлылықты арттыруға бағытталған. Кейінге қалдыру әдісі өндірісте тікелей қолданылатын импорттық шикізат пен материалдарға қатысты беріледі.

     Негізгі өзгерістер:

     Кейінге қалдыруға жататын тауарларға нақты талаптар белгіленді. Тек өндірістік үдерісте пайдаланылатын импорттық шикізат пен материалдар қамтылады.

     Тауарды мақсатты пайдалану талабы күшейтілді. Шарттар бұзылған жағдайда кейінге қалдыру жойылады.

     Қайта пайдалану шектеулері енгізілді. Шарттарды бұзған салық төлеуші 24 ай бойы кейінге қалдыру құқығынан айырылады.

     50 миллион теңгеден асатын сомаға қатысты қамтамасыз ету талап етіледі.

     Өзгерістердің түпкі мақсаты:

       Өндіріс секторын дәл және тиімді қолдау, шикізат пен материалдар болып табылмайтын тауарларды тетіктен шығару, сондай-ақ Салық кодексінің 134-бабын қолданудың ашықтығын арттыру.

 

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd/press/news/details/1122863?lang=kk