2025 жылдың 10 желтоқсанында Меңдіқара аудандық мәслихатының кезектен тыс сессиясы болып өтті.
10.12.2025 15:41:09 171
Депутаттар бірінші сұрақ бойынша Меңдіқара ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы Н.В. Тимашованың «Мәслихаттың 2024 жылғы 26 желтоқсандағы № 172 «Меңдіқара ауданының 2025 - 2027 жылдарға арналған аудандық бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» ақпаратын тыңдады.
Екінші сұрақ бойынша «Мәслихаттың 2023 жылғы 27 желтоқсандағы № 87 «Учаскелік сайлау комиссияларының құрамдарын сайлау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» ақпаратын тыңдады.
Үшінші сұрақ бойынша «Мәслихаттың 2005 жылғы 4 қазандағы № 187 «Семей ядролық полигонында ядролық сынақтар салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу және есепке қою жөніндегі жұмысты үйлестіру бойынша аудандық комиссияның құрамы туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы».
Төртінші сұрақ бойынша «Мәслихаттың 2005 жылғы 18 наурыздағы № 125 «Еңбек өтілін растау үшін арнаулы комиссия туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы».
Бесінші сұрақ бойынша «Мәслихаттың 2024 жылғы 26 желтоқсандағы № 172 «Меңдіқара ауданының 2025 - 2027 жылдарға арналған аудандық бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы».
Алтыншы сұрақ бойыншга «Мәслихаттың 2024 жылғы 30 желтоқсандағы № 177 «Меңдіқара ауданы ауылдардың, ауылдық округтерінің 2025 - 2027 жылдарға арналған бюджеттері туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы».
Аудан депутаттарымен сұрақтар қойылған болатын, оларға жауаптар алынды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-mendikara/press/news/details/1122849?lang=kk