«Ашық есік күні» шарасы

«Ашық есік күні» шарасы

10.12.2025 15:41:13 176

Ағымдағы жылдың 5 желтоқсанында 2025-2027 жылдарға арналған «Адал азамат» идеалдарына сәйкес мемлекеттік қызметшілердің кәсіби және жеке қасиеттерін ілгерілету жөніндегі жол картасында көзделген іс-шараларға сәйкес, мемлекеттік қызметтің тартымдылығын арттыру, мемлекеттік органнның қызметімен таныстыру мақсатында «Ашық есік күні» іс шарасы өтті.

Басқарма жұмысымен танысу мақсатында Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің құрылыс мамандығының 1 курс студенттері Құрылыс басқармасына келіп, мекеменің жұмыс барысымен жақынырақ танысты.

Олар мемлекеттік қызметтің қалай ұйымдастырылатынын көріп, саланың жауапкершілігі мен маңызын өз көздерімен байқады. Осындай шаралар жастарға болашақ мамандығын таңдауда бағыт беріп, мемлекеттік қызметтің ашықтығын тағы бір мәрте дәлелдейді.

Мемлекеттік қызметтің ашықтығы, жауапкершілігі және қоғамға қызмет ету қағидаттары жастарға үлкен мотивация болды. Біз әрдайым жастарды қолдауға және оларды кәсіби дамуға ынталандыруға қуаныштымыз!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bko-kurylys/press/news/details/1122841?lang=kk