Салық жүктемесінің коэффициентін есептеу ережелері
10.12.2025 17:00:29 90
2026 жылғы 1 қаңтардан бастап Салықтық жүктеме коэффициентін (бұдан әрі – СЖК) есептеу қағидаларының жаңартылған нұсқасы күшіне енеді. Жаңа нормалар Салық кодексінде (45-баптың 2-тармағы) және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 23 қазандағы № 620 бұйрығымен бекітілген «Салықтық жүктеме коэффициентін есептеу қағидаларында» көзделген.
СЖК есептеу үшін келесі жаңалықтар енгізіледі:
- орташа салалық СЖК арнайы салық режимін қолданатын салық төлеушілер үшін және жалпыға бірдей белгіленген тәртіп қолданатын салық төлеушілер бөлек есептеледі;
- орташа салалық СЖК енді есепті жылдан кейінгі жылдың 1 мамырындағы жағдай бойынша жылына 1 рет есептеледі.
Аталған өзгерістер адал бәсекелестікті дамытуға, кәсіпкерлік қызметтің ашықтығын арттыруға және көлеңкелі экономиканы төмендетуге бағытталған.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd/press/news/details/1122978?lang=kk