ШҚО бойынша МКД-нің «Өскемен – кедендік ресімдеу орталығы» кедендік бекеті «Үздік ішкі кедендік бекет» болып танылды

ШҚО бойынша МКД-нің «Өскемен – кедендік ресімдеу орталығы» кедендік бекеті «Үздік ішкі кедендік бекет» болып танылды

10.12.2025 17:20:37 155

2025 жылғы 9 желтоқсанда Астана қаласында ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті алаңында «Үздік кеден бекеті» акциясының жеңімпаздарын марапаттау салтанаты өтті.

Акция Мемлекеттік кірістер комитеті тарапынан аумақтық бөлімшелердің жетістіктерін марапаттау, өзара ынтымақтастықты нығайту, тәжірибе алмасу және мемлекеттік кеден қызметтерін көрсету саласында озық тәжірибелерді енгізу, сондай-ақ Комитеттің кеден саласындағы негізгі стратегиялық мақсаттарын іске асыру мақсатында ұйымдастырылды.

Іс-шараға Мемлекеттік кірістер комитетінің өкілдері, кеден бағытын қадағалайтын аумақтық мемлекеттік кірістер органдары басшыларының орынбасарлары, кеден бекеттері мен мемлекеттік қызмет көрсету басқармаларының басшылары қатысты.

Есепті кезең бойынша кеден бекеттері қызметтерінің қорытындысы нәтижесінде барлық аумақтық мемлекеттік кірістер органдарынан 14 номинант анықталды. «Үздік ішкі кедендік бекет» аталымына ШҚО бойынша МКД-нің «Өскемен – кедендік ресімдеу орталығы» кедендік бекеті лайықты деп танылды.

Бұл жеңіс – ШҚО бойынша МКД-нің «Өскемен – КРО» КБ ұжымының жоғары кәсіби шеберлігінің, қызметтік міндеттерді жауапкершілікпен орындауының және мемлекеттік қызметтерді көрсету саласында заманауи тәсілдерді қолдануының көрінісі.

 «Өскемен – кедендік ресімдеу орталығы» КБ жетістігі кедендік әкімшілендіруді одан әрі жетілдіруге және озық тәжірибелерді енгізуге ынталандырады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-vko/press/news/details/1123018?lang=kk