Есепке алу-бақылау маркаларын реттеу жөніндегі Ереже бекітілді

Есепке алу-бақылау маркаларын реттеу жөніндегі Ереже бекітілді

10.12.2025 17:50:53 349

      Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 175-бабы 15-тармағын  іске асыру мақсатында 2025 жылғы 7 қарашадағы № 682 жаңа бұйрығын әзірледі.

      Бұйрықпен Толысылған шарапты (шарап материалын), сыра мен сыра сусынын қоспағанда, алкоголь өнімін есепке алу-бақылау маркаларымен таңбалау (қайта таңбалау) қағидаларын, сондай-ақ есепке алу-бақылау маркаларының нысандарын, мазмұны мен қорғау элементтерін және  есепке алу-бақылау маркаларын алу, есепке алу, сақтау, беру және өндірушінің акцизді төлеу туралы және (немесе) импорттаушының есепке алу-бақылау маркаларын нысаналы пайдалану туралы міндеттемесін, есебін ұсыну, сондай-ақ осындай міндеттемені есепке алу қағидаларын және қамтамасыз ету мөлшерін бекітуге бағытталған ереже әзірленді.

      Бұйрық:

     – есепке алу-бақылау маркаларымен құйылған шарапты (шарап материалын), сыраны және сыра сусынын қоспағанда, алкоголь өнімін таңбалау тәртібі;

    – алкоголь өнімдерін есепке алу-бақылау маркаларымен қайта таңбалау тәртібі мен мерзімдерін;

    – есепке алу-бақылау маркаларының нысандары, мазмұны және қорғау элементтерін;

    – «Алкоголь өніміне (құйылған шарапты және сыра қайнату өнімін қоспағанда) есепке алу-бақылау маркаларын беру» мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін;

    – акцизді төлеу туралы өндірушінің міндеттемелері мен есебін және есепке алу-бақылау таңбаларын мақсатты пайдалану туралы импорттаушының міндеттемелері мен есебін ұсыну тәртібін;

    – есепке алу-бақылау маркаларын есепке алу және сақтау тәртібін;

    – акцизді төлеу туралы міндеттемелерді есепке алу тәртібін;

    – Мемлекеттік кірістер органының ақшасын уақытша орналастыру шотына енгізілген ақшаны есепке алу тәртібін;

    – банк кепілдігін есепке алу тәртібін;

    – кепілгерлік шартын есепке алу тәртібін;

    – мүлік кепілін есепке алу тәртібін;

    – мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібін;

     - Қазақстан Республикасында алкоголь өнімін өндіруді жүзеге асыратын тұлғаның акцизді төлеуі туралы және (немесе) Қазақстан Республикасына алкоголь өнімін импорттау кезінде есепке алу-бақылау таңбаларын мақсатты пайдалануы туралы міндеттеменің мөлшерін белгілеуді реттейді.

 

 

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd/press/news/details/1123061?lang=kk