Әкімнің халықпен есеп беру кездесуі
10.12.2025 18:30:39 526
Бүгін Курчатов қаласының әкімі Б.Т. Абдралиев тұрғындармен есеп беру кездесуін өткізіп, өткен жылда атқарылған жұмыстар, қол жеткізген нәтижелер және алдағы жоспарлар жөнінде кеңінен баяндады. Ол алдымызда үлкен міндеттер тұрғанын — қала барлық бағыт бойынша дамитынын, және бұл үшін берік негіз қаланғанын атап өтті. Өткен кезеңде көптеген жұмыстар атқарылды: маңызды жобалар іске қосылып, бірқатар өзекті мәселелер шешілді, сондай-ақ қаланың инфрақұрылымын жақсарту мен қала тұрғындарының өмір сапасын арттыру шаралары жалғасын тапты. Кездесу кезінде Болат Тансыкбаевич қала тұрғындарының пікірлері мен ұсыныстарын тыңдады. Ол мұндай кері байланыс бізге басымдықтарды дұрыс айқындап, алға сенімді қадам жасауға мүмкіндік беретінін айтты.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-kurchatov/press/news/details/1123143?lang=kk