Қазақстан Республикасының Измир қаласындағы Бас консулы Бауыржан Ақатаев провинциялық Көші-қон басқармасының директоры Дерья Эрдоганмен кездесу өткізді

Қазақстан Республикасының Измир қаласындағы Бас консулы Бауыржан Ақатаев провинциялық Көші-қон басқармасының директоры Дерья Эрдоганмен кездесу өткізді

11.12.2025 08:01:04 394

Кездесу барысында тараптар Қазақстан азаматтарының провинция аумағында тұруы, көші-қон есебі, сондай-ақ консулдық және көші-қон қызметтерін көрсету мәселелері бойынша пікір алмасты. Бас консулдық пен Көші-қон басқармасы арасындағы өзара іс-қимылдың практикалық аспектілері талқыланды.

Әртүрлі жағдайларға дер кезінде әрекет ету мақсатында жұмыс байланыстары жолға қойылып, өзара іс-қимыл тетіктері айқындалды.

Кездесу конструктивті және іскерлік атмосферада өтті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-izmir/press/news/details/1123230?lang=kk