Найробиде өткен БҰҰ Қоршаған ортаны қорғау ассамблеясында Каспий мен Арал теңіздерінің кебуі талқыланды

Найробиде өткен БҰҰ Қоршаған ортаны қорғау ассамблеясында Каспий мен Арал теңіздерінің кебуі талқыланды

11.12.2025 08:01:12 473

Найроби, 2025 жылғы 9 желтоқсан - 8-12 желтоқсанда Найробиде өтіп жатқан БҰҰ Қоршаған ортаны қорғау Ассамблеясының 7-ші сессиясына қатысу аясында Қазақстан делегациясы «Теңіздер мен көлдердің кебуі - XXI ғасырдың жаһандық апаты. Каспий және Арал теңіздерінің, сондай-ақ Африка, Америка, Еуропа және Азия елдерінің мысалында мәселелерді шешудің өңірлік шаралары» тақырыбында ресми сайд-ивент ұйымдастырды.

Іс-шараға БҰҰ-ға мүше мемлекеттердің делегациялары, БҰҰ басшылығы, сондай-ақ, БҰҰ Бас хатшысының орынбасары-БҰҰ Қоршаған орта бағдарламасының Атқарушы директоры И.Андерсен, БҰҰ Бас хатшысының орынбасары-БҰҰ Еуропалық экономикалық комиссиясының Атқарушы хатшысы Т.Молчан, Батпақты жерлер туралы конвенцияның Бас хатшысы М.Мумба, Францияның Экологиялық өтпелі кезеңдегі бұрынғы министрі және Сыртқы істер министрлігінің қоршаған орта мәселелері жөніндегі елшісі Б.Помпили, Халықаралық Аралды құтқару қоры Атқарушы комитетінің төрағасы А.Оразбай қатысты.

Қазақстан делегациясы бұл іс-шараны теңіздер мен көлдердің кебу мәселелеріне әлемдік қауымдастықтың назарын аудару және Орталық Азия тәжірибесінің басқа өңірлер үшін пайдалы болуы мүмкін екенін көрсету мақсатымен ұйымдастырылды.

Форумға қатысушылар Африка, Латын Америкасы және Азиядағы теңіздер мен көлдердің кебуіне байланысты өңірлік қиындықтар мен мүмкіндіктерді қарастырып, экожүйелерді қалпына келтіру және қауымдастықтың тұрақтылығын нығайту үшін кешенді трансшекаралық әрекеттерге назар аударды. Сонымен қатар, қатысушылар Қазақстанның қоршаған ортаны қорғау мәселелерін шешудегі күш-жігерін, соның ішінде 2026 жылы Астанада ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың бастамасымен ұйымдастырылатын Өңірлік экологиялық саммитті өткізуді жоғары бағалады. Орталық Азия елдері үшін тұрақты даму мәселелерін, биоәртүрлілікті сақтау және су ресурстарын қорғау шараларын ілгерілетудегі Қазақстанның көшбасшылығы ерекше атап өтілді.

Іс-шараның қорытындысы бойынша қатысушылар теңіздер мен көлдердің кебуіне қарсы тұру үшін шұғыл және бірлескен шаралар қабылдау қажеттілігін XXI ғасырдың ең үлкен экологиялық қауіптерінің бірі ретінде, экожүйені қалпына келтіру және су ресурстарын кешенді басқару саласындағы біліммен, озық тәжірибелермен және инновациялық шешімдермен алмасу үшін елдер мен өңірлер арасындағы халықаралық ынтымақтастықты жұмылдыру, және климаттың өзгеруіне бейімделу және әлемнің барлық аймақтары үшін су қауіпсіздігін нығайту үшін әмбебап және үнемді құрал ретінде табиғатқа негізделген шешімдерді ілгерілетудің маңыздылығын мойындады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-nairobi/press/news/details/1123220?lang=kk