KazAID және БҰҰ Еріктілер Бағдарламасы ынтымақтастық перспективаларын талқылады
11.12.2025 14:20:28 257
KazAID және БҰҰ Еріктілер Бағдарламасы ынтымақтастық перспективаларын талқылады
2025 жылғы 10 желтоқ, Астана қаласы - KazAID Басқарма төрағасы Аркен Арыстановтың Қазақстандағы БҰҰ еріктілер бағдарламасының (United Nations Volunteers) елдік үйлестірушісі Никита Шабаевпен кездесуі өтті.
Кездесу барысында UNV қызметінің негізгі бағыттары ұсынылды, KazAID пен БҰҰ Еріктілер Бағдарламасы арасындағы ынтымақтастық перспективалары талқыланды. ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен және БҰҰ Бас Ассамблеясы жариялаған тұрақты даму мақсатында 2026 жыл халықаралық еріктілер жылында бірлескен жобаларды іске асыру жоспарларына ерекше назар аударылды.
Кездесу тараптардың волонтерлікті қолдауға және серіктес елдерде қоғамды дамытуға ықпал ететін белсенді өзара іс-қимыл жасауға және бірлескен бастамаларды дамытуға дайындығын растады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kazaid/press/news/details/1123604?lang=kk