Өңірде білім беру инфрақұрылымы қарқынды дамуда: жаңа мектептер ашылып, заманауи стандарттар енгізілуде

Өңірде білім беру инфрақұрылымы қарқынды дамуда: жаңа мектептер ашылып, заманауи стандарттар енгізілуде

13.12.2025 14:10:32 302

Өңірде әлеуметтік саланы дамыту жұмыстары жүйелі түрде жалғасуда. Оның ішінде ерекше басымдық – білім беру инфрақұрылымын жаңғырту және заманауи талаптарға сай оқу ортасын қалыптастыру. Соңғы жылдары жаңа мектептер салынып, қолданыстағы білім нысандарының сапасы айтарлықтай жақсаруда.

Өткен оқу жылында 5 жаңа мектеп пайдалануға берілді

Өткен оқу жылында өңірде жалпы 3 360 орынға арналған 5 жаңа мектеп оқушыларға есігін ашты. Бұл білім беру сапасын арттыруға, апатты және үш ауысымды мектептердің жүктемесін азайтуға мүмкіндік берді.

Жаңа нысандардың қатарында:

•Қостанай ауданының Заречное ауылындағы 900 орындық жайлы мектеп;

•Арқалық қаласындағы 300 орындық жаңа мектеп (2024 жылдың қазанында ашылған);

•Қостанай қаласының Аэропорт (900 орын) және Береке (1 200 орын) шағынаудандарындағы екі мектеп. Бұл нысандар 2025 жылдың қаңтарында пайдалануға берілді;

•Жангелдин ауданының Колкамыс ауылындағы 60 орындық орта мектеп (2025 жылғы ақпан).

Бұл мектептер өңірдегі демографиялық өсімге, көшу үдерістеріне және сапалы білімге деген сұранысқа жауап береді.

Жайлы мектептер — халықаралық стандарттар деңгейінде

Жайлы мектептер жобасы аясында салынған жаңа білім ошақтары әлемдік білім беру трендтеріне толық сәйкес келеді.

Оқу кабинеттері заманауи интерактивті құралдармен жабдықталған. Бұл:

•ғылыми және зерттеу жобаларында жасанды интеллектті қолдануға,

•виртуалды зертханалық тәжірибелер өткізуге,

•білім алушылардың зерттеушілік дағдыларын дамытуға кең мүмкіндік береді.

Мұндай жаңартылған орта оқушылардың білім сапасын арттыруға, педагогтардың кәсіби әлеуетін күшейтуге ықпал етеді.

Жаңа оқу жылы екі жаңа мектептің ашылуымен басталды

2025–2026 жаңа оқу жылы 2–3 қыркүйекте екі ірі білім нысанының ашылуымен басталды:

•Құсмұрын кентінде 300 орындық жаңа мектеп;

•Рудный қаласында ERG компаниясы салған 1 200 орындық заманауи мектеп.

Бұл нысандар оқушыларды кең, жарық әрі қауіпсіз кабинеттермен қамтамасыз етіп қана қоймай, аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуына да оң әсер етеді.

Жыл соңына дейін тағы 4 мектеп пайдалануға беріледі

Ағымдағы жылдың соңына дейін өңірде жалпы 2 880 орынға арналған 4 мектептің құрылысы аяқталып, пайдалануға беріледі. Олардың қатарында:

•Рудный қаласындағы 900 орындық жайлы мектеп;

•Қостанай қаласындағы Береке (980 орын) және Құнай (900 орын) шағынаудандарындағы екі мектеп;

•Қостанай ауданының Еңбек ауылындағы 100 орындық мектеп.

Бұл жобалар мектеп тапшылығын азайтуға, білім беру қызметтерінің қолжетімділігін кеңейтуге бағытталған.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/1125197?lang=kk