SCAT Airlines Қазақстан мен Грузия арасында жаңа тікелей бағытты іске қосты

SCAT Airlines Қазақстан мен Грузия арасында жаңа тікелей бағытты іске қосты

17.12.2025 18:40:40 167

Қазақстандық SCAT Airlines авиакомпаниясы «Шымкент - Тбилиси» жаңа халықаралық бағыты бойынша алғашқы рейсін орындады. Грузия астанасының халықаралық әуежайына және кері қарай 166 жолаушы тасымалданды.

Жаңа бағыт бойынша ұшулар дүйсенбі және жұма күндері қазіргі заманғы Boeing 737 Max 8 әуе кемелерінде жүзеге асырылады.

Жаңа әуе қатынасын іске қосу Қазақстан мен Грузияның экономикалық және транзиттік-логистикалық серіктестігін дамытудың қисынды кезеңі болды.

Тбилиси әуежайындағы бағыттың ашылу рәсіміне Грузия Сыртқы істер министрінің орынбасары Александр Хвтисиашвили, Тбилиси әуежайының директоры Теа Закарадзе, SCAT Airlines компаниясының меншікті сату директоры Екатерина Русова, сондай-ақ Қазақстанның Грузиядағы Елшілігінің өкілдері қатысты.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-tbilisi/press/news/details/1127464?lang=kk