Вьетнамның Хошимин қаласы Қазақстанмен ынтымақтастығын жандандыруға ниетті
18.12.2025 13:23:36 107
Қазақстанның Вьетнамдағы Елші Қ.Тумыш ү.ж. 15 желтоқсанда Хошимин қаласы Халық комитетінің төрағасы (Әкімі) Нгуен Ван Дыокпен кездесті.
Сұхбаттасушылар, Хошимин қаласы мен Қазақстан арасындағы қарым-қатынастардың барлық салаларында өзара тиімді іс-қимылдарды нығайтуға бейілділігін растап, екіжақты ынтымақтастық мәселелерін талқылады.
Елші Қ.Тумыш, Қазақстан мен Вьетнам 2026 жылы екіжақты тауар айналымын 2 млрд. АҚШ долларына жеткізуді көздеуде екенін тілге тиек етті. Кейін әңгіме, Хошимин қаласы (2025 ж. 1 шілдеден бастап Бинь Зыонг және Бариа–Вунгтау провинциялары Хошимнге қосылғаннан кейін) қазір Вьетнамның ЖІӨ-нің шамамен 30%-ын құрайтынын ескеріп, іскерлік серіктестікті нығайтуға және өнеркәсіптік кооперацияны дамытуға бағытталған Хошимин қаласы мен Қазақстанның бизнес қауымдастықтарының кездесуін ұйымдастырудың қажеттілігі төңірегінде өрбиді. Нгуен Ван Дыок, бұл қадамды дер кезінде жүзеге асыру керектігін атап өтті.
Қазақ Елшісі таяуда Алматы қаласының мәслихатының қаланың көшесіне Вьтенам халықының көшбасшысы Хо Ши Миннің құрметіне атын беру туралы шешім қабылдағандығын хабарлады. Вьетнамдық тарап, бұл бастамаға өз қуаныш әрі қолдауын білдіріп, оны аса ризашылықпен қабылдады.
Хошимин қ. Халық комитетінің төрағасы, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктерімен байланыс орнатып, бауырластық қатынастар орнатуға ниетті екенін білдіріп, вьетнамдық тарап аталған әкімдіктердің басшылығын 2026 жылы Хошиминге сапармен келуге шақырды. Өз кезегінде, келесі жылғы жазда Қазақстанға сапармен баруға дайындығын жеткізді.
Төрағасы Нгуен Ван Дыок, Хошимин Халықаралық қаржы орталығы жақын арада ашылатынын мәлімдеді. Қала басшысы, Астана халықаралық қаржы орталығының (АХҚО) Хошимин қаласына тәжірибе алмасудағы, оқытуды ұйымдастырудағы, кәсіби қолдау көрсетудегі және қаржы орталығын құру процесінде сүйемелдеудегі рөлін жоғары бағалап, АХҚО-дан алдағы уақытта да тығыз қолдауға мен өзара тиімді ынтымақтастықты жалғастыруға үміттенетінін білдірді.
Елші Қ.Тумыш, Мемлекет басшысының тиісті шешіміне сәйкес, қазақ тарапы Хошимин қ. Бас консулдықты ашуды жоспарлауда екенін хабарлап, аталған мәселе бойынша Вьетнам тарапының жауабын мүмкіндігінше жақын арада алуға қолғабыс көрсетуді сұрады.
Төрағасы Нгуен Ван Дыок бұл бастаманы қолдайтынын және тиісті қолғабыс көрсететінін жеткізді.
Сонымен қатар тараптар, Алматы мен Хошимин арасында әуе қатынасын қалпына келтіру мәселесіне тоқталды. Бұл екі ел арасындағы сауда-экономикалық, іскерлік, туризм және мәдени ынтымақтастықты әрі қарай дамытуға оң ықпал ететінін атап өтіп, осымәселе келесі жылдың соңына қарай оң шешімін табатынына сенім білдірді.
Кездесудің соңында сұхбаттастар, екіжақты ынтымақтастықты жандандыру аясында барлық өзекті мәселе бойынша сындарлы диалогті жалғастыруға уағдаласты.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-hanoi/press/news/details/1127545?lang=kk