Қостанай облысындағы тұрғын үй құрылысы: орнықты өсім және аумақтардың дамуы

Қостанай облысындағы тұрғын үй құрылысы: орнықты өсім және аумақтардың дамуы

18.12.2025 13:33:44 339

Қостанай облысында халықты қолжетімді әрі сапалы тұрғын үймен қамтамасыз етуге бағытталған мемлекеттік саясат жүйелі түрде жүзеге асырылуда. Соңғы үш жылда өңірде 1,5 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді, бұл тұрғын үй құрылысының тұрақты қарқынын және халық тарапынан жоғары сұранысты көрсетеді. Ағымдағы жылдың басынан бері облыста 435,6 мың шаршы метр тұрғын үй немесе 4 502 пәтер пайдалануға берілді. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда өсім 2,3 пайызды құрады. Жыл соңына дейін облыс бойынша 500,0 мың шаршы метр тұрғын үйді немесе 6 500 пәтерді салу және пайдалануға беру жоспарланып отыр. Тұрғын үй құрылысы қалалармен қатар ауылдық елді мекендерде де дамуда. Соңғы үш жылда ауылдық мекендерде 194 мың шаршы метрден астам тұрғын үй немесе 905 жеке тұрғын үйі салынды. Бұл ауыл тұрғындарының өмір сүру жағдайын жақсартуға және елді мекендердің кешенді дамуына ықпал етеді. Тұрғын үй құрылысы саласындағы ірі жобалардың бірі — Қостанай қаласының агломерациясында заманауи «Астана» шағын ауданын салу. Жоба аясында барлық қажетті әлеуметтік инфрақұрылыммен қамтамасыз етілген 150-ден астам көпқабатты тұрғын үй салу көзделген. Бүгінгі таңда 10 тұрғын үйдің құрылысы аяқталып, өткен айда 450 заманауи пәтер пайдалануға берілді. Аталған пәтерлер жергілікті атқарушы органдардың тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтарына ұсынылатын болады. Қазіргі уақытта қосымша 13 бес қабатты тұрғын үйдің құрылысы басталды. Алдағы кезеңде 9 және 17 қабатты 16 тұрғын үй салу жоспарланып отыр. Бұл тұрғын үй қорын едәуір ұлғайтуға және жайлы қалалық ортаны қалыптастыруға мүмкіндік береді. Аталған жобалардың жүзеге асырылуы халықтың тұрғын үй жағдайын жақсартуға, қала мен ауыл инфрақұрылымын дамытуға, сондай-ақ Қостанай облысының әлеуметтік-экономикалық әлеуетін нығайтуға бағытталған.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/1127760?lang=kk