Жаңа жылды қарызсыз қарсы алайық! Салықтар туралы маңызды ескерту
18.12.2025 15:20:36 161
Құрметті Жетісу облысының тұрғындары!
Жаңа жыл жақындап қалды – бұл өткенді қорытындылап, алға жаңа жоспарлар құратын уақыт. Жаңа жылды жаңа парақтан бастау үшін оны ескі қарызсыз қарсы алу туралы жақсы дәстүр бар.
Сіздерге салық берешегін (көлік, мүлік және жер салығы) тексеріп, төлеу қажеттігін еске саламыз.
Мұны 31 желтоқсанға дейін жасау неліктен маңызды:
- Тыныштық: Мереке күндері артық хабарламалар мен мазасыздықтан арылыңыз.
- Үнемдеу: Төлем мерзімі өткен әрбір күн үшін өсімпұл (пеня) есептеледі. Қарызды қазір төлеу арқылы соманың өсуін тоқтатасыз.
- Еркін қозғалыс: 40 АЕК-тен асатын салық берешегі болса, елден шығуға тыйым салынуы мүмкін. Қарыздардың демалысыңызды немесе каникулыңызды бұзуына жол бермеңіз!
- Қаржыға қолжетімділік: Қарызын өтемеген жағдайда банк шоттарының бұғатталу қаупі бар.
Салық берешегін «e-Salyq Azamat» мобильді қосымшасы арқылы тексеруге болады.
Салық берешегін төлеңіздер! Жаңа жылды қарызсыз қарсы алайық!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-zhetysu/press/news/details/1127933?lang=kk