Грузияның Әділет министрлігі Қазақстанның құзырлы органдарына жәрдем көрсетеді
18.12.2025 19:50:24 232
Қазақстан Республикасының Грузиядағы Елшісі Мәлік Мурзалин Грузияның Әділет министрі Паата Салиямен кездесу өткізді.
Тараптар қылмыстық істер бойынша қудаланатын Қазақстан Республикасының азаматтарын экстрадициялау мәселелері, сондай-ақ тергеу жүргізіліп жатқан ағымдағы қылмыстық істердің мәртебесі мен осы істердің алдағы іс-қимыл тәртібі жөнінде пікір алмасты.
Елші сондай-ақ, Қазақстанда қос азаматтыққа тыйым салынуына байланысты Грузия азаматтығын қабылдаған тұлғалардың ұлттық паспорттарын Елшілікке қайтару мәселесін көтерді.
Грузияның Әділет министрі жазасын өтеу барысында және бостандыққа шыққаннан кейін сотталғандарды қоғамға бейімдеу тәжірибесімен бөлісті.
Кездесу соңында тараптар өзара негізде барынша кең құқықтық көмек көрсетуге дайын екендіктерін растады.
Кездесуге Грузия Әділет министрінің орынбасары Бека Дзамащвили, Грузияның Арнайы пенитенциарлық қызметінің басшысы Георгий Патаридзе және Елшіліктің Консулдық бөлімінің меңгерушісі Олжас Илюсизов қатысты.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-tbilisi/press/news/details/1128396?lang=kk