«Чекті талап ет – жүлде ұтып ал!» республикалық науқанның жеңімпаздарына сертификаттар табыс етілді
19.12.2025 19:40:23 140
Ағымдағы жылдың сәуір айында «Чек талап ет – жүлде ұтып ал!» республикалық акциясы басталды, мамырда «Бәйге» мотивациялық науқаны, «Salyq кэшбэк» пилоттық жобасы және Халық банкінің ұтысы қосылды.Бұл акцияның мақсаты: көлеңкелі экономикамен күресу, тұтынушылардың құқықтарын қорғау, кассалық тәртіпті жақсарту, адал бизнесті қолдау болып табылады.Науқанға қатысу үшін азаматтар Amian мобильді қосымшасы арқылы чектерді жіберіп ақшалай және бағалы сыйлықтар ұтып алды.
«Бәйге» атты жаңа мотивациялық науқаны аясында еліміздің әр өңірінде тоқсан сайын жеңімпаздар анықталады 100 000 теңге жүлдесі random.org сайты арқылы Instagram парақшасында тікелей эфирде ұтыс ойыны арқылы аймақтағы ең белсенді 50 пайдаланушының біріне берілді.
Сонымен қатар, 2025 жылдың 19 мамырынан бастап Ақмола облысында Halyk Bank ұтыс ойыны басталады. Оған Банктің POS терминалдарында Банк карталарымен жасалған операциялардан чектер қатысты.
Ақмола облысында қараша айының қорытындысы бойынша 10 жеңімпаз анықталды – көкшетаулық Еркенур Тәжібаева, Ақкөл ауданының тұрғындары Жанна Нұрмағамбетова, Гүлвира Алауханова және Павел Полоухов, Жақсы ауданының тұрғыны Инна Гармашова және Жанат Дюсюпова, Бурабай ауданының тұрғыны Самал Ташенова, атбасарлық Бекбол Бегалин, Жарқайың ауданының тұрғыны Әсем Жанәділова және Есіл қаласының тұрғыны Родислав Ағзамов.
Жеңімпаздарды құттықтаймыз!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-akmola/press/news/details/1129305?lang=kk